RU

Алматы облысында бүлдіршін парацетамолдан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 7 жасар қыздың ажалы дәріден болды. Қызуы көтерілген қызға анасы парацетамолды шамадан тыс берген. Қызуы түспеген Васелина бір аптадан соң іші ауырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, ауруханада көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

КТК телеарнасының видеосынан кадр

КТК телеарнасының видеосынан кадр

Бұған дейін жеті жасар Васелина Бражникованың қайғыдан қан жұтқан анасы қызының өліміне жедел жәрдем қызметкерлерін жазғырған болатын.

Яғни жай ғана іші ауырған қыз балаға алып-ұшып жеткен ақ халаттылар диагнозсыз 12 жастан асқан балаларға ішуге болатын дәрі берді деген еді.

Бүгінде Васелинаның өліміне не себеп болғаны анықталды.

Телеарнаның мәліметінше, кішкентай қыз бала парацетамолдың кесірінен мерт болған. Қызуы көтерілген қызына анасы қайта-қайта бас ауруының дәрісін ішкізе беріпті. Соның салдарынан бауырына зақым келген.

"Баланың қан анализін бәрін алғаннан кейін, бауырдың зақымдалғанын көрсететін көрсеткіштер бар, сол жоғары болды. Балада орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы болды. Кома жағдайында түсті деген. Соның бәрін байланыстыра отырып, Рей синдромы диагнозын қойдық", - деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев.

Васелинаға жасаған бірнеше тексеру Рей синдромы диагнозы екенін растаған. Бұл жасөспірімдер сирек шалдығатын, өте қауіпті ауру түрі. Ол дәрінің сезімтал мүшелерге қарсы әсер беріп, ағзаның зақымдалуына әкеп соқтырады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтан тұрғыны бір жасар қызының қызылша ауруына қарсы екпе салынғаннан бірнеше күн өткен соң көз жүмғанын мәлімдеген болатын. Алайда, дәрігерлердің ресми тұжырымына сәйкес, сәби жүрек жетіспеушілігінен көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әзірге сәбидің нақты неден қайтыс болғаны, бұған екпе салынуының қатысы бар-жоғы белгісіз екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында бүлдіршін парацетамолдан көз жұмды
Mailfire view pixel