Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде желідегі рецептпен шарап әзірлемек болған зейнеткер жарылыс жасады

Опубликовано:

Мәскеуде ғаламтордан алынған рецепт бойынша үй шарабын дайындамақ болған 65 жастағы зейнеткер әйел адам жарылыс жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қарт кісі нұсқаулықпен әрекет етіп, спиртті плиатада қайнап тұрған жеміс сиробына құя бастайды. Спирт өте жоғары температурадан буланып, оның бұлты кәстрөлді жауып қалған. Қауіпті қоспа газдың отына жеткеннен соң атылған.

Зейнеткердің денесінің 32 пайызын күйік шалып, басы, беті, кеудесі, сол қолы күйіп қалған. Сонымен қатар, қарт кісінің тек терісі ғана емес, тері астындағы тін және тіпті бұлшықет тіндері де жарақат алған

Науқасқа қалалық клиникалық аурухананың күйік орталығының дәрігерлері қажетті көмек көрсеткен.

Айта кетсек, бұған дейін Рождествоға жанұя іздеген жалғызбасты әжейдің оқиғасы елді алаңдатқанын жазған едік.

АҚШ-тың Талса қаласында тұратын қарт кісінің туыстары болмаған. Сол себепті қария Рождествоны жалғыз қарсы алмас үшін мереке қарсаңында бұл мәселені тезірек шешуді ойлапты. Қарт әжей жарнама сайттарының бірінде өзіне мерекені бірге қарсы алатын серіктес іздеген көрінеді.

Сондай-ақ, Instagram желісінде қызықты сурттерін жариялау арқылы жұлдыз болған 93 жастағы әжей туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1832403-resejde-zelidegi-receptpen-sarap-zirlemek-bolgan-zejnetker-zarylys-zasady/

pixel