RU

Украинада жер нарығы туралы заң жобасын талқылаған депутаттар төбелесіп қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украинада жер нарығы туралы заң жобасын талқыланған Жоғарғы рада комитетінің отырысында депутаттар жаға жыртысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жоғарғы Раданың Аграрлық және жер саясаты комитетінің отырысында жер нарығы туралы заң жобасы талқыға түскен. Осы сәтте "Оппозициялық тұғырнама - өмір үшін" және "Халыққа қызмет етуші" фракцияларының депутаттары арасында жанжал туындады.

"Оппозициялық тұғырнама - өмір үшін" фракциясының депутаттары комитет төрағасы Николай Сольскийге заң жобасына түзетулерді қарастыру мерзімін 19 желтоқсанның кешіне дейін белгілеуді ұсынды. Бұл бастама өзге шенділерден қолдау таппай, фракция мүшелері "Ұят!" деп айқайлап, жиналысты аяқтауды талап етті.

Осыдан соң Илья Кива (Оппозициялық тұғырнама - Өмір үшін") мен Андрей Мотовиловец ("Халыққа қызмет етуші") арасындағы қақтығысқа, одан әрі қол көтеруге ұласты.

Шенеуніктер өздерін "112ua" телеарнасы камераға түсіріп тұрғанына қарамастан, бір-біріне былапыт сөздер айтқан.

Нәтижесінде алдымен жиналысты тоқтата тұру туралы шешім қабылданды, артынша отырыс мүлдем аяқталып қалды.

Айта кетсек, Google компаниясы қазақстандықтардың бір жыл ішінде желіден нені көп іздегенін анықтап берген еді. Ең көп ізделген тұлғалар қатарында Украина президенті Владимир Зеленский де бар. Ол тізімде Юлия Началова, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін орналасқан.

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский беделді Time америкалық журналының мұқабасына шыққан болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украинада жер нарығы туралы заң жобасын талқылаған депутаттар төбелесіп қалды (видео)
Mailfire view pixel