RU

Батыр Байназаров алғаш рет көпшілікке қызын көрсетіп, тұсауын кесті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ringo тобының бұрынғы солисі Батыр Байназаров тұңғышының бір жасқа толған туған күнін атап өтіп, алғаш рет қызы Сальманы көпшілікке таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aluakonarova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aluakonarova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұған дейін жұлдызды жұп бір жыл бойы қызының жүзін елден жасырып келген еді. Олар желіде жариялаған суреттерде үнемі Сальманың бетін жауып қоятын.

Дегенмен қалың көпшілікке Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаеваның тұңғышымен танысу мүмкіндігі сәбидің бір жас тойында бұйырған.

Той алдында жас ата-ана желіде перзентімен түскен суретін жариялап, көпшілікке алғаш рет қызын көрсеткен.

Артынан Сальманың бір жасын тойлау сәтінен Батыр мен Әселдің бұрынғы продюсері Алуа Қонарова да сурттер жариялап, елді қуантты.

Батыр мен Әселдің қуанышына барша туған-туысы мен өнердегі жақындары келген. Олардың қатарында белгілі продюсерден басқа Айдана Малик, Аян Бірбаев, Гүлназ Жоланова, Ақерке Бүркітбай, Дидар Каден және тағы да басқалар болды.

Айта кетерлігі, бүлдіршін тұсау кесу рәсімі кезінде микрофонды таңдаған. Той қонақтары болашақта Сальма әнші ата-анасының жолын қуатын болады деп топшылаған.

Айта кетейік, "Ringo" бұрынғы мүшесі мен "Аюми" тобының бұрынғы әншісі былтыр 19 желтоқсанда алғаш рет сәбилі болған.

Сонымен қатар, жақында Батыр Байназаров өзін танымал топтан кететінін мәлімдеп, әншілікпен қош айтысуға шешім қабылдағанын хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Батыр Байназаров алғаш рет көпшілікке қызын көрсетіп, тұсауын кесті (фото)
Mailfire view pixel