RU

"Күтпедім": Нұрлан Ноғаев өзінің энергетика министрі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрлан Ноғаев бүгін алғаш рет энергетика министрі ретінде үкімет отырысына қатысты. Атырау облысының бұрынғы әкімін бұл қызметке күні кеше президент тағайындаған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Ноғаев. Фото: atyrau.gov.kz

Нұрлан Ноғаев. Фото: atyrau.gov.kz

Ноғаевтың сөзінше, ол күндердің бір күні министр болуды күтпей әрі оған үміттенбей өзінің міндеттерін атқарып, күн сайын жұмыс істеген.

"Астанаға түнде ұшып келдім", - дейді экс-әкім.

БАҚ өкілдері Нұрлан Асқарұлынан қызметкерлері жемқорлық істерге айыпталған "күрделі" министрлікті басқаратындықтан, орын алуы мүмкін қиындықтардан қорықпайсыз ба деп сұрады.

Бұл сауалға жаңа басшы философиялық тұрғыдан жауап берді. Оның сөзінше, біздің өміріміз жылтыр емес және қиындықтарды, сонымен қатар түрлі кедергілерді үнемі жеңіп отырумен байланысты.

Ноғаев қиындықтарды жеңуге мүмкіндігі мен күші жететініне үміттенеді.

Энергетика министрлігінің басшысы өз басқаратын ведомствоның бағытын өзгертуді жоспарламайды. Ноғаев осы жерде өзіне дейін маңызды іс-шараларды өткізу үшін жоспарлар мен міндеттер белгіленгенін айтты. Жаңа министр сол міндеттемелерді шешуді жалғастырады.

Ол ведомствоның болашақта барлық жоспарларын жүзеге асыратынын түсіндірді.

Ноғаев бұрынғы энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың жұмысына да оң бағасын берді. Сөзінше, Бозымбаев осы қызметте отырып көп жұмыс атқарған.

Нұрлан Ноғаев бір нақты саладағы барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес екенін де еске салды. Бірден бәрін жасап, "Болды, бітті" деуге болмайды. Сондықтан ол бәрінде жүйе болуы керек деп есептейді.

Сонымен бірге ол бұған дейін өзі басқарған облысқа келген жаңа басшыға сәттілік пен ойлаған мақсаттарына жетуін тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі қызметін Қанат Бозымбаев атқарған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Ал экс-министрдің орнына ведомствоға президент жарлығымен Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев тағайындалған болатын.

Атырау облысына да жаңа әкім келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.Ж. Досмұхамбетовті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Күтпедім": Нұрлан Ноғаев өзінің энергетика министрі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Mailfire view pixel