RU
Тасмағамбетовтің қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды

Тасмағамбетовтің қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейдегі елшісі міндетін уақытша кім атқаратынын мәлім етті. Оның сөзінше, бұл міндет әзірге көрші елдегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Нұржан Қажыақбаровқа жүктелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов, Нұржан Қажыақбаров. Фото: newtimes.kz, mgimo.ru

Иманғали Тасмағамбетов, Нұржан Қажыақбаров. Фото: newtimes.kz, mgimo.ru

Сыртқы істер министрінің айтуынша, Нұржан Қажыақбаров елші тағайындалып, Ресей президентіне сенім грамотасын тапсырғанға дейін осы қызметті атқаратын болады.

"Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Елшіліктегі екінші адам Нұржан Қажыақбаров Қазақстанның Ресейдегі уақытша сенімді өкілінің міндетін атқаратын болады", – дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", – делінген құжатта.

Айта кетейік, тоғызыншы желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толды. Пайғамбар жасын саясаткер қасиетті Меккеде қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel