Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шпекбаев Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті болды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы Алик Шпекбаев Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елорда Ақпаратқа сілтеме жасап.

Алик Шпекбаев. Фото: kyzmet.gov.kz
Алик Шпекбаев. Фото: kyzmet.gov.kz: Facebook

Бүгін Қазақ күресінен VIII Әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының халықаралық конгресі өтті.

Конгресске 27 елдің өкілдері қатысқан. Бүкіләлемдік күрес одағының президенті Чолпон Султанбекова Қазақ күресі федерациясының президентін таңдау маңызды екенін атап өтті.

Конгресстің бірауыздан қабылданған шешімімен Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев бес жыл мерзімге сайланды.

"Алыстан, ауа райының қолайсыздығына қарамастан келген, қатысып отырғандардың бәріне тағы да үлкен рахмет. Ертең бұл үлкен іс-шараның жалғасы болады.
Бүгін сіздердің менің кандидатурамды қолдауларыңыз - үлкен жауапкершілік екенін тағы да айтқым келеді. Біздің Федерацияны алға жылжыту үшін біз бәріміз біріге жұмыс жасауымыз керек деп санаймын", - деді Алик Шпекбаев.

Айта кетсек, 2019 жылдың 20-21 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ күресінен VIII Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 40 елінен келген 300-ге жуық спортшы қатысады.

Еске сала кетсек, жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Шпекбаев бұған дейін қазақстандық шенеуніктерге үндеу жолдап, олардың азаматтардан тіпті кішігірім сыйлықтың өзін қабылдай алмайтынын айтып, ескерту жасаған еді.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінде мемқызметкерлердің көрсеткен көмегі үшін алғыс айтуға болады ма және шенеуніке берілген сыйлық үшін қандай жаза күтіп тұрғаны туралы айтып берді. Тұлғалар сыйлық берген әрекеті үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832459-spekbaev-dniezzilik-kazak-kresi-federaciasyny-prezidenti-boldy/

pixel