Выйти
RU

"Жігіттер ұстап көргісі келеді": Жанар Айжанова атышулы Динагүл Тасованы сынап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Жанар Айжанова сән апталығында төсін жалаңаштап шыққан модель Динагүл Тасованы аяусыз сынап тастады. Өнер иесі атышулы арудың "ашылатын-шашылатын" жастан баяғыда кеткенін бетіне басып, одан қанша жасқа дейін шешінбек ойы бар екенін сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "New old qazaqtar" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр, Instagram/dinagul.tasova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр, Instagram/dinagul.tasova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жанар Айжанова ашық образдарымен танылған Тасоваға туралы не ойлайтынын еш бүкпесіз бетіне айтып тастады.

Шоу-бизнес жұлдызы жалаңаштануды әдетке айналдырған сәнбикені "кәрі қыздар" қатарына жатқызып, оның 29 жасында шешініп жүргенін ерсі деп санады.

"Көбі бұны өнер деп қабылдайды ғой. Мүмкін сен де оны өнер деп қабылдаған шығарсың. Бірақ, маған бұл тұрпайы болып тұр. Төсіңнің ұшы қап-қара екен. Ең болмаса соны жабу керек еді.

Бұл деген дизайнерлерге жақсы. Барлығы рейтинг көтеріп алғысы келеді. Сенің жасың 29-да, кәрі қыздардың қатарындасың. Сен менің көзқарасымда ашылатын-шашылатын кеттің.

Сосын тістегеннің аузында, ұстағанның қолында қазақтың қызы болсаң, кете беруге міндетті емессің. Сен мынадан бір ләззәт алып жүрсің. Өйткені, бәрі "уау" дейді. Мынаны көргеннен кейін, міндетті түрде жігіттер төсіңді ұстап көргісі келеді.
Бірақ, мен сенімді болып отырған жоқпын. Өзіңдікі ме? Өзіңдікі емес пе? Неге саған үлкен кеуде керек болып қалды?" , - деп сұрақтарын жаудырды Айжанова.

Бүгінде әншілікпен қоса, тележүргізушілікті де қатар алып жүрген өнер иесінің атышулы аруға қатысты сыны бірден таусыла қоймады.

"Қанша жасқа дейін шешінбексің? 70 жасқа дейін шешіне бересің бе? Төмен жақты қашан шешесің? Төменгі жағын да тура осылай ашып шығатын болса, ол да өнер иә? Саған біреу ақшасын көбірек төлейтінін айтып, саған шығасың десе шыға аласың ба? Батылың бара ма?" , - деп сұрақты төтесінен қойды әнші.

Бұған Тасованың айтар жауабы қысқа болды:

"Білмеймін, ол жағын ойланбадым" , - деді ол.

Айта кетейік. бұған дейін Динагүл Тасова ауқымды сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты тың мәліметпен бөлісті. Атышулы ару өзіне қол көтерген сүйіктісі туралы бар шындықты айтып берді.

Оған қоса, жалаңаштанып танылған сәнбике жігіттерге қояр талабын жария етті. Ол ғашығы 500 мыңнан артық табыс табу керегін айтты.

Сонымен қатар, бойжеткен құран оқи тұра, арасында арақ ішетінін жайып салып, желіде сынға ұшыраған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жігіттер ұстап көргісі келеді": Жанар Айжанова атышулы Динагүл Тасованы сынап тастады