Выйти
RU

Әлемге әйгілі италиялық сәнбикелер кімдер

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Модельдік бизнесдің дәуірі жүріп тұрған уақытта сылқымдардың бәрі сәнбике болуға құштар-ақ. Алайда бұл бақ кез келген аруға бұйырмаған. KAZ.NUR.KZ порталы Рамблерге сілтеме жасап сән әлемін бағындырған итальян қыздарын ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Бьянка Балти

Бьянка Балти алғаш рет 2004 жылы L’Officiel журналының мұқабасына шыққан. Өзінің алғашқы келісім шартын 2005 жылы Dolce&Gabbana брендімен жасаған. Қазір ол әлемгі әйгілі сәнбикелер қатарында, сонымен бірге екі қыз тәрбиелеп отыр.

Ванесса Эсслер

2002 жылы Ванесса Эсслер Alice DSL-дің бет-бейнесі атанды. 2005 жылы актриса ретінде де мансабын бастаған. Ванесса бірнеше фильмдерге түскен.

Моника Беллуччи

Моника Беллуччи күні бүгінге дейін ең танымал Италия актрисасы әрі моделі саналады. Күллі әлем үшін ол сұлулық эталоны болған. Ол әліге дейін беделді журналдардың мұқабасынан жиі көрінеді.

Джорджия Пальмас

2000 жылдардың басында Джорджия Пальмас "Әлем аруы" байқауында екінші орын алды. Алайда ол "Striscia la notizia" италиялық телешоудың арқасында аса танымал болған.

Эмили Ди Донато

 Эмили Ди Донато 17 жасында Request Model Management агенттігімен келісім шартқа отырған. Guess, Victoria’s Secret брендтерінің түсірілімдеріне жиі қатысады.

Мариякарла Босконо

Мариякарла Босконо өзінің модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Chanel, Armani, Hermes сынды танымал брендтермен жұмыс істеген.

Айта кетсек, бұған дейін достары арықтығы үшін келемеждеген жігіттің адам танымастай өзгеріп кеткенін жаздық.

Сонымен қатар, 2019 жылы ел абыройын көтеріп, Қазақстанның атын әлемге шығарған жастардың да тізімі жасалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемге әйгілі италиялық сәнбикелер кімдер
Mailfire view pixel