RU

Жалғыз өзі әскери колоннаны тоқтатқан қазақ жауынгерін Осетия президенті марапаттады

Рассказать Вконтакте

2008 жылғы тамызда Оңтүстік Осетияда болған қарулы қақтығыс кезінде Грузия әскери колоннасын жалғыз өзі тоқтатқан Тасболат Ибрашевтің жанкешті ерлігі еленді. Жақында оған Оңтүстік Осетия республикасының президенті Анатолий Бибиловтың жарлығымен медаль табыс етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жергілікті "Рес" мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тасболат Ибрашев. Фото: punkt-a.info

Тасболат Ибрашев. Фото: punkt-a.info

16 желтоқсанда республиканың премьер-министрі Эрик Пухаев ержүрек жауынгерге "Оңтүстік Осетиядағы бейбітшілікті қорғау қызметі үшін" медалін табыс етті.

"2008 жылғы тамыздағы оқиға барлығымыздың есімізде. Халқымызды қорғауға атсалысқан әрбір сарбазға алғысымызды айтамыз, олардың барлығы – батырлар. Мемлекет басшысы Анатолий Бибилов бұл жайында білген соң, Ибрашевті 2008 жылғы тамызда жасаған ерлігі үшін медальмен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды", – деді премьер-министр.

Еске сала кетейік, 2008 жылғы тамызда Оңтүстік Осетия мен Грузия арасындағы қақтығыста грузин әскери колоннасын жалғыз өзі тоқтатқан пулеметшінің суреті мен видеосы интернетте кеңінен таралып, қызу талқыланды. Басында бұл сарбаздың бурят Бато Дашидоржиев екені айтылды.

Алайда, бірнеше жылдан кейін ержүрек сарбаздың бурят емес, Астрахань қаласында тұратын қазақ екені анықталды. Оны бурятиялық Мемлекеттік дума депутаты Алдар Дамдинов бірнеше жыл бойы іздеген екен.

Ақырында қаһарманды тапқан ол жаңалығын Facebook парақшасында жариялады. Депутаттың айтуынша, сарбаздың есімі Тасболат Ибрашев. Ұлты-қазақ. Үйленген, екі баласы бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жалғыз өзі әскери колоннаны тоқтатқан қазақ жауынгерін Осетия президенті марапаттады
Mailfire view pixel