RU

Парацетамол ішіп, көз жұмған қыздың өліміне министрлік өкілдері пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысында парацетамолды шамадан тыс қабылдаудың салдарынан жеті жасар қыздың қайтыс болуына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Атап айтқанда, қайғылы оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті пікір білдірді. Оны ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, комитет өкілдері қайтыс болған бүлдіршіннің ата-анасымен сөйлескен.

Оларға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жазбаша түрде жүгіну ұсынылды. Соның негізінде ведомство жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Оған тәуелсіз сарапшылар тартылады.

Ресми түрде шағым түспегеніне қарамастан, аталған мәселе комитет төрайымының жеке бақылауында.

Ержан Байтанаевтың айтуынша, тексерістің нәтижелері мен сарапшылардың қорытындысы шығарылған соң, толығырақ ақпарат беріледі.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 7 жасар бүлдіршін парацетамолдан көз жұмды.

Қызуы көтерілген қызға анасы парацетамолды шамадан тыс берген. Қызуы түспеген Васелина бір аптадан соң іші ауырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, ауруханада қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Парацетамол ішіп, көз жұмған қыздың өліміне министрлік өкілдері пікір білдірді
Mailfire view pixel