RU

"Finbet" букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметі әшкереленді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде "Finbet" букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар қаржы мониторингі комитетінің видеосынан алынды

Кадрлар қаржы мониторингі комитетінің видеосынан алынды

Комитеттің ресми интернет-ресурсында жарияланған мәліметке сәйкес, аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар, ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

Заңсыз құмар ойындар Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе ұйымдастырылған.

18 желтоқсан күні бір уақытта еліміздің 8 өңірінде арнайы операция іске асырылып, соның барысында кеңселерде тінту жүргізілді.

Белгілі болғанай, кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд. теңгеге жуық соманы құраған.

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлағанбыз.

Күштік құрылым ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, букмекерлік кеңсе қажетті лицензиясыз интернет-ресурстар арқылы қызмет көрсеткен. Сондай-ақ компанияның ел аумағынан заңсыз ақша шығару жолы кесілді.

Оңтүстік астананың мамандандырылған ауданаралық соты "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сауда маркасымен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС-не берілген лицензияны жарты жылға тоқтатуға шешім шығарды.

Кейіннен Алматы прокуратурасы "Олимп" букмекерлік кеңселеріне қатысты тексеріс аяқталғанын, жалпы алғанда, компания 145 млрд теңге салық төлеуге міндеттелгенін мәлім етті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Finbet" букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметі әшкереленді (фото, видео)
Mailfire view pixel