RU

Тоқаев тұрғындардың табысын арттыру бойынша Шөкеевке тапсырма берді

Telegram logo VKontakte logo

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Кездесу кезінде мемлекет басшысына биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды деп хабарлайды Ақорда.

тоува

Фото: Ақорда: UGC

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өскен.

Сонымен қатар облыс әкімі 2020 жылдың қазан айына жоспарланған Түркістан қаласының таныстырылым рәсіміне дайындық барысы жайында, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны жөнінде айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевке атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Сондай-ақ, бүгін Мұхтар Тілеуберді Иманғали Тасмағамбетовтың Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тоқаев тұрғындардың табысын арттыру бойынша Шөкеевке тапсырма берді