RU

Тоқаев жаңа энергетика министрі Ноғаевты қабылдады

Мемлекет басшысы күні кеше тағайындалған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ноғаев
Фото: Ақорда: Facebook

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Сонымен бірге, президенттің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдағаны туралы да хабарланды.

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Сондай-ақ, бүгін Мұхтар Тілеуберді Иманғали Тасмағамбетовтың Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832515-tokaev-zaa-energetika-ministri-nogaevty-kabyldady.html