Выйти
RU

Кішкентай қызға азғындық көрсеткен алматылық азамат 17 жылға сотталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда ер адам азаматтық некедегі әйелінің кішкентай қызына зорлық әрекет көрсеткені үшін сотталды. Бұған дейін "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова мәлімдегендей, 6 жасар қыздың анасы азаматтық некедегі күйеуінің оған азғындық көрсетіп жатқанын көріп қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Дина Смаилованың айтуынша, қыздың анасы қудалауға ұшырап, байлабалам көрсетілгеніне байланысты басқа қалаға көшуге мәжбүр болған. Дегенмен, сотталушының туған-туыстары әйелдің ізіне түсіп, одан кешірім беруін талап еткен.

Қоғамдық қор жетекшісінің сөзіне қарағанда, прокурор айыпталушыны 20 жылға соттауды сұраған.

Бүгін Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты үкім шығарылды. Судья оны айыпталып жатқан ісі бойынша кінәлі деп танып, ҚР қылмыстық кодексінің 121 бабы 4-бөлігімен 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұдан бөлек, сотталушыға педагогикалық және бала тәрбиесімен байланысты қызметтермен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.

Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Ақтөбеде бейтаныс адам 9 жасар қызды алдап, пәтеріне кіріп, зорлап кеткен.

Болжам бойынша, ер адам кішкентай қызды мектепке жақын жерден көріп қалып, артынан ерген. Ол пәтердің есігін қағып, ұялы телефонын қуаттап алуды сұраған, алайда есікті ашпаған соң, дәретханаға кіруге рұқсат сұрапты.

Кейін аталған ауыр қылмыс бойынша күдікке ілінген қаскөй ұсталды. Ақтөбелік полицейлер жасөспірімге зорлық көрсеткен 21 жастағы күдіктінің қамауға алынған сәтінен видео таратты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кішкентай қызға азғындық көрсеткен алматылық азамат 17 жылға сотталды