Выйти
RU

Барселонадағы "Эль-класиконың" соңы жаппай қақтығысқа ұласты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін түнде әлем бойынша футбол жанкүйерлерінің назарын өзіне аударған әйгілі испаниялық "Барселона" мен "Реал Мадрид" командалары арасында мачт өтті. Испания чемпионатының 10-шы туры шеңберінде Барселонада өткен тартысты кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Матч аяқталғаннан кейін көшеде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Getty Images /Robert Marquardt

Фото: Getty Images /Robert Marquardt

Испания чемпионатындағы басты қарсыластардың кездесуінде стадиондағы жағдай тыныш болған. Алайда, матч аяқталған соң Каталонияның тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген демонстранттар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды. Оларды тарату үшін қала билігіне қарулы полицияны жұмылдыруға тура келген.

Полиция мен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыс салдарынан жүздеген адам, соның ішінде жай өтіп бара жатқан бейбіт жолаушылар да жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді.

Айта кетейік, Каталониядағы наразылық акциялары қазан айынан бері өршіп тұр. Бұл сепаратистердің жетекшілерінің бірі Ориол Жункерестің 13 жылға тқтқындалуымен байланысты.

Жалпы, Каталонияның Испаниядан бөлініп шығып, тәуелсіздік алуын қолдаушылардың наразылық акциялары біраз жылдан бері өткізіліп келеді.

Мәселен, 2015 жылы Каталонияның тәуелсіздігін қолдап жүздеген мың адам Барселона көшелеріне шеруге шыққан. Шара каталондықтар 11 қыркүйек күні атап өтетін "ұлттық күнге" орай ұйымдастырылды.

Ал 2017 жылы Каталонияда өткен референдум соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Билік өкілдері мен жергілікті тұрғындардың қақтығысынан 844 адам зардап шеккен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Барселонадағы "Эль-класиконың" соңы жаппай қақтығысқа ұласты
Mailfire view pixel