RU

Мысырда қаза тапқан дипломаттың Оңтүстік Қазақстан өңірінен екені анықталды

Рассказать Вконтакте

13 желтоқсан күні Египет астанасындағы үйдің кіреберісінен қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуін өлі күйінде тауып алды. Елшілік қызметкерінің жанұясы осы елде жұмыс бабына байланысты тұрып жатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

дипломат

Еламан Жолдасов. Фото өзінің жеке парақшасынан /facebook.com

40 жасында қайтыс болған Еламан Жолдасовтың Оңтүстік Қазақстан өңірінен болғаны анықталды. Оның туыстары Шымкентте тұрады. Бұл туралы жергілікті Otyrar.kz басылымы хабарлады.

Шетелде көз жұмған сыртқы істер министрлігі қызметкерінің жақындары оның өз-өзіне қол салуы мүмкін емес екенін алға тартуда.

Естеріңізге сала кетсек, Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда өмірден озды.

Күйеуін есік алдынан тауып алған әйелі бірден елшілікке хабарласқан. Қызметкерлер Жолдасовтардың үйіне 10 минутқа жетпей барыпты. Сондай-ақ, оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияда шақырылған.

Елшілік қызметкерінің үйіне бірден Мысырдың криминалды полициясы да келіпті.

Екі күннен кейін Қазақстанның СІМ қызметкерлері де Мысырға барған. Олар өз әріптестерінің кенеттен қайтыс болу себептерін анықтау үшін жеке тергеу жүргізеді.

Қазір бұл іспен Мысырдың прокуратурасы да айналысуда.

Кейіннен елімізідң Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің екінші хатшысының өліміне қатысты пікір білдірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мысырда қаза тапқан дипломаттың Оңтүстік Қазақстан өңірінен екені анықталды
Mailfire view pixel