RU

Алматыда қаланың бас шыршасы жағылды (фото)

Алматылықтар жаңа жылдық көңіл күйді бүгін, 19 желтоқсанда сезінді. Өйткені "Астана" алаңында орналасқан қаланың басты шыршасы жағылды. Шыршаны дәстүр бойынша мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Бас шырша - қаладағы ең үлкені, оның биіктігі 20 метр. Оны шырша ойыншықтары және жарық тізбектерімен әсемделген. Алматыда қойылған басқа шыршалардың биіктігі 10-12 метр болады.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Шырша жағу рәсіміне жүздеген алматылықтар балаларымен бірге келген.

Одан бөлек "Астана" алаңындағы шыршану жағу рәсімінен соң мерекелік концерт болды. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары Әли Оқапов, Мадина Садауақасова, Луина, Кентал, Renzo, КешYou, Mysterions, Дауыс Intern топтары мен тағы бірнеше өнер өкілдері қатысты.

Мерекені ұйымдастырушылар шыршадан бөлек ҚБТУ ғимаратын безендіруді де ұмытаған. Бұрынғы Үкімет үйі жарық тізбектерімен көркемделген. Сондай-ақ қаланың ішінде де мерекелік атмосфера сезіледі.

Шаһар бойынша тоғыз шырша орналастырылған. Негізгісінен бөлек, сұлу шыршалар сегіз аудан тұрғындарының көз қуанышына айналған.

Мына мекен-жайлар бойынша шыршаларды таба аласыз:

Алатау ауданында әкімшілік алдында, Алмалы ауданында Абылайхан даңғылынан, Әуезов ауданында Наталья Сац атындағы театр алдында, Жетісу мен Наурызбай аудандарының да әкімшіліктері алдынан,

Абай даңғылы бойынша Республика сарайының алдында, Март Village СО мен Әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш президент саябағында. Олардың бәрі де қаланың бас шыршасымен бірге жағылған.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832542-almatyda-kalany-bas-syrsasy-zagyldy-foto.html