RU

ЕЭО-ның бейресми саммитіне неліктен Тоқаев емес Назарбаев қатысады

Жақын уақытта Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммиті өтеді. Халықаралық кездесуге Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісіндегі парақшасында президенттің халықаралық іс-шараға неліктен қатыса алмайтынын айтып берді.

Өзінің хабарламасында ол өзіне ел президентінің Санкт-Петербургте өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысуына қатысты бірнеше сұрақ қойылғанын атап өтті.

Маманның сөзінше, аталған халықаралық кездесуге Қазақстан атынан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барады. Оның үстіне Елбасы ЕЭО-ның құрметті төрағасы.

Уәлидің айтуынша, Қазақстанда Елбасы мен мемлекет басшысы шетелдік сапарларға бірге аттанбайтын белгілі бір тәжірибе бар.

Одан бөлек, президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, Елбасы тиісті құжаттарды талқылау барысында өз пікірін айтуға құқылы. Құжаттарға қол қою құзыреті президентке тиесілі.

Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысына қатысып, сөз сөйлеуді жоспарлап отыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832546-eao-ny-bejresmi-sammitine-nelikten-tokaev-emes-nazarbaev-katysady.html