RU
Қарағандыдағы тергеу изоляторынан өлі табылған ер адам қылмыс тобының басшысы болып шыққан

Қарағандыдағы тергеу изоляторынан өлі табылған ер адам қылмыс тобының басшысы болып шыққан

Рассказать Вконтакте

2 желтоқсанда Қарағандыдағы тергеу изоляторында аса қауіпті рецидивист, Миша ағай лақап атымен танылған қылмыстық топтың жетекшісі өлі күйінде табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Михаил Кимлачтың командасы Қарағандыда дүкендер мен компания офистеріне қарулы шабуылдар жасаған. Сот қаулысымен Кимлач құрамына он адам кіретін қаруланған қылмыстық топтың басшысы болып танылған.

Кимлач бірнеше жыл бойы қолға түспеді. Ол сыбайластарымен бірге ауқатты қарағандылықтардың үйіне басып кіріп, олардан ақшалары мен бағалы заттарын тартып алған. Сондай-ақ, дүкен кассаларынан да ақша алған.

Қылмыстық топ өздерімен бірге РГ-42 соғыс гранатасын, тапаншалар, пышақтар мен шолақ мылтықтар алып жүрген. Миша ағай арсеналды таныстарының жертөлесінде сақтаған. Банда кездейсоқ әшкереленген. Миша ағай қару-жарағын сақтаған отбасының ұлы жертөлеге кіріп, шолақ мылтықты алып шыққан.

Артынша ол достарымен қыдыруға кетеді. Содан соң жасөспірім 20 жастағы жігіттің бетіне оқ атып өлтірген, сондай-ақ "Жигули" көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, оның автокөлігін ұрлап кеткен. Көлікті жол полиция қызметкерлері байқап, оны тоқтатқан.

Полиция бөлімшесінде жасөспірімнің үйіне қару-жаарқты үнемі Миша ағайдың әкелетіні белгілі болған. Нәтижесінде банда қолға түскен.

Алайда изоляторға келген Кимлач тергу кабинетінен оңай қашып шыққан. Ол үш бекеттегі жасақтан сытылып, бостандыққа шыққан. Бұл 2001 жылдың қазанында болған оқиға.

Осыдан кейін тергеу изоляторының басшысы жұмыстан шығарылып, бірнеше бақылаушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде Кимлачты қайта қолға түсіріп, оны сотқа берген. Банданы бірнеше жылға бас бостандығынан айырған.

Осы жылдың тамыз айында Кимлач Қарағанды ауданындағы ұрлық ісіне қатысты деген күдікпен қамауға алынған. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетсек, екінші желтоқсан күні түнде тергеу изоляторында ер адамның өлі күйінде табылғаны туралы ақпар тарады. Ұрлық жасады деген күдікпен тергеуге алынған ер адам соққыға жығылып, тұншықтырылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, оны камераласы соққыға жығып, буындырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel