Выйти
RU

Қаза тапқандар бар: Мәскеуде ФҚҚ ғимараты маңында белгісіз біреулер атыс жасады (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей астанасында 19 желтоқсан күні кешке белгісіз біреулер Лубянкадағы Федералды қауіпсіздік қызметі ғимараты маңында атыс жасады. Куәгерлердің сөзінше, олар автоматтың атылған дауыстарын естіген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Telegram желісінде оқиғаға қатысты түрлі ақпараттар тарауда. Mash арнасы алдымен күштік құрылымдардың бір қызметкері жараланғанын, артынша оның саны екеуге артқанын айтты.

Бірнеше минут өткеннен кейін бір адамның қайтыс болғаны хабарланды. Ол алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде қаза болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бірінші оққа ұшқан, жол полиция қызметкері Илья Фисенко.

Сонымен бірге шабуылдаушылардың бірі ғимараттардың біріне жасырынып, сол жақтан атқаны да белгілі болды.

Оқиға орнына арнайы жасақ келген. Бұл жерден сиренаның, атыстың дауысы естіліп тұрған, ал адамдар жан-жаққа бытырай қашқан.

Оқиғадан бірнеше уақыт өткен соң куәгерлер шабуылдаушылардың бірнеше адам болғанын мәлімдеді. Атыс болған аймақта қозғалыс тоқтап, жақын маңдағы ғимараттың бәрі жабылған.

Кейбіреулер шабуылдағандар саны үшеу болуы мүмкін деп те жазды.

BAZA Telegram арнасының жазуынша, қазіргі таңда олардың екеуі қайтыс болып, үшіншісі ФҚҚ ғимаратының төртінші подъездіне жақын тұраққа жасырынып қалған.

Атыс кезінде қарапайым адамның да зардап шеккені анықталды. Ол аяғынан жарақат алған, өміріне ешқандай қауіп жоқ.

"Силовики" хабарлауынша, Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.

Lshot алдын ала алынған ақпаратпен бөлісіп, атыс кезінде төрт адам қаза тапқанын жариялады.

Төтенше жағдай орнынан граната мен сөмке табылған. Лубянкаға саперлер де келді.

Атыс салдарынан қайтыс болғандар мен жапа шеккендердің нақты саны кейінірек белгілі болмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қаза тапқандар бар: Мәскеуде ФҚҚ ғимараты маңында белгісіз біреулер атыс жасады (фото, видео)
Mailfire view pixel