RU

Ақтөбенің бас полицейі «қыз зорлады» деп суреті тараған тұрғыннан кешірім сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде «оқушы қызды зорлады» деген күдікпен желіде суреті тараған тұрғынды өңірдің бас полицейі қабылдады. Азамат дәлелденбеген ақпараттың желіде тарауынан отбасының алдында ыңғайсыз жағдайда қалған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбенің бас полицейі «қыз зорлады» деп суреті тараған тұрғыннан кешірім сұрады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Нұрлан Шандин өзін ақтайтын ақпаратты ресми таратуды прокурорлардан да сұраған болатын.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов оны жеке қабылдап, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сонымен қатар, өзіндік қауіпсіздік басқармасының мәліметтерді таратқандарға қатысты тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Кінәсіз адамның суреттерін әлеуметтік желіге салғандар анықталып, жауапкершілікке тартылады деп сендірді.

«Куәгер ретінде тергеуге алынған қала тұрғыннан сол күні жауап алынды, Қылмысқа қатысы жоқтығы тексеріліп, дәлелденген соң, босатылды. Оның полиция бөліміне жеткізілуіне сыртқы киім ұқсастығы себеп болды», - дейді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

«Мен полиция қызметкерлерінің ауыр қылмысты ашумен айналысқанын түсінемін. Алайда менің суреттерім әлеуметтік желілерде таралып жатқандығына қатты қынжылдым. Полиция департаментінің бастығы кінәлілерді тауып, жазалайтынына уәде берді», - деді тұрғын Нұрлан Шандин.

Айта кетейік, кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс 12 желтоқсанда тіркелді.

Қаскөй мектептен қайтқан оқушының қасындағы құрбылары үйіне тарап кеткен кезде жалғыз қалған қыз баланы әңгімеге тартқан. Кейін оның артынан үйіне ілесе кіріп, арам ойын жүзеге асырған.

Артынша, дәрігерлер жәбір көрген жеткіншектің денсаулығы туралы айтып берді. Ақ халаттылардың сөзінше, кәмелет жасына толмаған қыз балаға ота жасалған.

Адам шошырлық зорлау оқиғасынан кейін ақтөбелік көпбалалы аналар педофилдерге өлім жазасын беруді сұрады.

Мектептен қайтқан оқушы қыздың үйіне кіріп, азғындық әрекетке барған ер адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жүруде.

Сондай-ақ, бүгін мектеп оқушысына азғындық әрекет жасаған 21 жастағы жігіттің ұсталған сәтінен видео жарияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбенің бас полицейі «қыз зорлады» деп суреті тараған тұрғыннан кешірім сұрады
Mailfire view pixel