RU

Павлодарлық әйел лифт шахтасына құлап өлді: Жағдайдың мән-жайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Павлодарда келіншек лифт шахтасына құлап, мерт болды. Ал жағдайдың мән-жайын марқұмның көршісі баяндап берді. Анықталғандай, әйелге біреу көмектескісі келген, бірақ ол техниканың қауіпсіздік ережесімен таныс болмапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай, лифтінің дұрыс жұмыс істемейтінін барлық үй тұрғындары білген. Тек жаңадан көшіп келген 64 жастағы Павлодар тұрғыны ғана техника ақауынан бейхабар болыпты.

Көршілердің бірі келіншектің соңғы минуттары жайлы баяндап берді. Оның сөзінше, лифт кішкене ашық тұрған. Ол зардап шеккен келіншекке ештеңеге тиіспеуін сұрап, бірден лифті жөндеушіні шақырыпты. Артынша 10 минутқа кетіп қалған екен.

Дәл осы уақыт аралығында лифті ішіндегі келіншекке біреу көмектескісі келген екен. Ақырында келіншек маманкелмей тұрып, лифті шахтасына құлап кетіпті. Көршісінің айтуынша, әйелді құтқаруға мүмкіндік болған екен.

Айта кетейік, төтенше жағдай Бектұров 109 мекен-жайы бойынша орын алған. Медицина мамандарының хабарлауынша, қаза тапқан әйел 64 жаста болған.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, әйел адам бесінші қабаттағы биіктіктен құлаған. Мұның бәрі подъезде болыпты. Көршілері оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін, жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 2 желтоқсанда Қарағандыдағы тергеу изоляторында аса қауіпті рецидивист, Миша ағай лақап атымен танылған қылмыстық топтың жетекшісі өлі күйінде табылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарлық әйел лифт шахтасына құлап өлді: Жағдайдың мән-жайы белгілі болды
Mailfire view pixel