RU
"Қайын жұртым - қазақтар": Африкалық жігіт қазақ тілінде қалай сөйлеп кеткенін айтты

"Қайын жұртым - қазақтар": Африкалық жігіт қазақ тілінде қалай сөйлеп кеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда тұратын африкалық этнос өкілі Даниель Джеймс ғашығының арқасында қазақ тілін қалай үйреніп кеткенін айтып берді. Ол сүйіктісімен бір тілде сөйлегісі келгендіктен Қазақстанның мемлекеттік тілін барынша белсенді түрде меңгеруге тырысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/danieljames.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/danieljames.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Даниель Джеймс алты жыл бойы қазақ тілін үйренумен айналысып, ақыр-соңы арманындағы аруға үйленген. Ол қазақ жанұясына күйеу бала болған.

"Алматыда орта мектеп бітірдім. Бірақ, ол жерде қазақ тілі бойынша терең білім ала алмадым.

Сосын мен әйеліммен танысқаннан кейін қазақ тілін үйрене бастадым. Өйткені, менің қайын жұртым - қазақтар. Алты жыл бойы белсенді түрде қазақ тілін үйреніп жүрмін.

Бір тілде сөйлейтіндердің бір ойы болады, тірлік пен бірлік болады. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген сөз бар қазақта.
Сол енді қазақ жерінде жүргенде, қазақ жерінің заңын құрметтеу керек. Ол деген оп-оңай. Бар болғаны қазақ тілінде сөйлеу керек. Мен Қазақстандағы африкалық этнос өкілдерінің президентімін. Оларға барынша көмектесіп, қазақ тілін үйретіп жүрмін" , - деді Даниель Джеймс.

Бүгінде Даниель Джеймс орыс және қазақ тілінде түрлі мерекелік шараларды жүргізіп жүр.

Айта кетейік, бірнеше тілде сөйлейтін сымбатты қазақ жігіті туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel