Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай төбелескен жігіттер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жігіттер арасындағы жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Бейнежазба авторлары текетірес Алматы қаласында болғанын айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ instagram.com/kris_p_almaty
Фото: Видеодан кадрлар/ instagram.com/kris_p_almaty: Depositphotos

Бейнеролик Instagram желісіндегі «kris_p_almaty» парақшасында пайда болды. Автокөлік салонынан түсірілген кадрларда бір топ жігіттердің арасындағы текетірес байқалады.

Автор оқиға 20 желтоқсан күні оңтүстік астанада Момышұлы мен Қабдолов көшелері арасында болғанын хабарлады.

Ал бейнежазбадан бірнеше адам жас жігіттің артынан қуып жүргенін аңғаруға болады. Олар азаматты ұстап, ұра бастайды. Төбелеске қатысушылардың қолында ұруға арналған зат бар. Сол арқылы олар қарусыз жігітке шабуыл жасайды. Ал төбелес маңында қаруын бір-біріне ары-бері сілтеп тұрған тағы екі азамат тұр.

Артынша олардың бірі шетке шығып, қарусыз азаматқа жасалған соққыларды қарап тұрады.

Желі қолданушылары төбелестің тең дәрежеде өтпегенін айтады. Олар бейнежазбадағы қатігездікке қатты таңданып отыр.

Алматы Полиция департаменті төбелестің 20 желтоқсанға қараған түні болғанын хабарлады. Текетірес туралы ақпарат Жедел басқару орталығына сағат 01:14-те түскен. Аталған жағдай Момышұлы көшесіндегі кафелердің бірінде болған.

Полицияда екі күдіктінің ізін суытпай қолға түскені белгілі болды. Ұсталған азаматтар 1998 жылы туған жігіттер болып шықты. Қазір "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Жәбірленуші медициналық көмек алған соң үйіне қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсан күні Мәскеуде ФҚҚ ғимараты маңында белгісіз біреулер атыс жасады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1832626-almatyda-zappaj-tbelesken-zigitter-videoga-tsip-kaldy/

pixel