Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шешін деді": Ресейлік әнші Нюша продюсердің азғындық әрекеттерін жайып салды

Опубликовано:

Ресейлік танымал әнші Нюша әншілік мансабының басында сексуалды алымсақтық танытқан продюсерге тап болғанын жайып салды. Шоу-бизнес әлемінде үлкен тәжірибесі бар маман өнер иесіне толығымен шешінуін талап еткен. Ол кезде Нюша небәрі 13 жаста болған. Эстрада жұлдызы бұрын-соңды ешкімге тіс жармаған ауыр жағдайы жайлы алғаш рет айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ spletnik.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/nyusha_nyusha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nyusha_nyusha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нюша өнерін шыңдау үшін әкесімен бірге мықты продюсер іздеп жүріп, жағымсыз оқиғаға тап болған.

"Біз ары қарай, одан бетер даму мақсатында қолайлы нұсқаны таңдауға кірістік. Мен бірнеше продюсерлермен таныстым. Олардың әрқайсысына барып, арнайы шағын кастинг өтуім керек еді.

Кастингтердің бірінде болған бір сұмдық жайтты айтқым келіп отыр. Мен бұл жағдайды өзге жас әнші аруларға ескерту ретінде жария етпекпін. Олар сақ болса деймін.

Әкем, оның әйелі және мен бір кісіге келдік. Алдымен ұзақ сөйлестік. Сосын продюсер әкеме менімен жеке сөйлескісі келетінін айтты. Ол мен жалғыз қалғанда өзімді қалай ұстайтынымды көргісі келетінін түсіндірді.

Мен ол кезде 13 жастамын. Әкем әйелімен кофе ішуге шығып, мен продюсермен бірнеше минутқа жалғыз қалдым. Біз кішкене әңгімелестік.

Сосын, бір уақытта ол маған "шешін" деді. Мен кастинг кезінде физикалық формасын тексеру мақсатында қыздар купальникке дейін шешінетінін еститінмін. Бірақ, ол маған тыржалаңыш болып шешінуімді талап етті.

Ол "маған дәрігер ретінде сенсең болады" деді. Мен сасқалақтап қалдым. Солай болу керек шығар деп ойладым" , - деді Нюша.

Әнші өзіне ерсі әрекет көрсеткен продюсердің атын құпия сақтап қалды. Оған қоса, Нюша ол адамның қазіргі таңда шоу-бизнес саласында бар-жоғынан бейхабар болып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық продюсер Бауыржан Есебаетың өзіне әнге айырбас ретінде арулар төсек қатынасын ұсынғанын жайып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832628-sesin-dedi-resejlik-nsi-nusa-produserdi-azgyndyk-reketterin-zajyp-saldy/

pixel