Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатынан үш әйел қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы Алатау ауданында шағын хэтчбек жолаушылар автобусымен соқтығысып, үш келіншек қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Қанды оқиға Жаужүрек көшесінде орын алған. Sputnik Қазақстанның мәлімдеуінше, Renault көлігіндегі келіншек рөлге ие бола алмай, автобусқа толығымен "кіріп" кеткен.

Куәгерлер жеңіл көлік Жаужүрек көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатқанын айтады. Трудовик ауылы маңында ол шығысқа бағыт алған №15 автобуспен соқтығып қалады.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік жолдың жиегіне ұшып кеткен. Ал Renault жүргізушісі көлікті "тыңдата алмағанын" мойындап отыр.

Автобуспен соқтығысу салдарынан француз көлігінің жолаушылары қаза тапты. Қанды оқиға 1960,1978 және 1988 жылы туған келіншектердің өмірін алып кетті.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Renault көлігінде отырған бір адам аман қалды. Қазір ауруханада жатқан оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Көліктен қаза тапқандардың денесін құтқару қызметінің қызметкерлері шығарған. Оларға арнайы құралдардың көмегі қажет болыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жаппай төбелескен жігіттер видеоға түсіп қалды. Қалалық Полиция департаменті текетірестің 20 желтоқсанға қараған түні болғанын хабарлады. Қазір екі күдікті ұсталды. Ал жәбірленуші медициналық ем қабылдаған соң үйіне жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1832635-almatyda-avtobusty-katysuymen-bolgan-zol-apatynan-s-jel-kaza-tapty-foto/

pixel