Выйти
RU

Дариға Назарбаева отандық банктердің қорқынышы туралы айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қазақстандық банктердің мәселесі турасында сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сенаттың бүгінгі отырысында халық қалаулылары "ЕЭО мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.

Осы орайда кейбір сенаторлар ортақ қаржы нарығында қазақстандық банктердің қиындыққа тап болатынын алға тартты.

Себебі еліміздің қаржы ұйымдары әлі күнге дейін мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Ал халықаралық қаржы ұйымдары техникалық жағынан мықты және олар қазіргі қаржы құралдарын пайдаланады. Жоғары бәсекеге төтеп беру қиын. 

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева да әріптестерінің ойымен келіседі. Алайда оның айтуынша, егер бәсекелестік болмаса, қазақстандық банктер мен несие ұйымдарында өзгеріс орын алмайды.

"Жалпы, бәсекеден қорықпау қажет. Бүгінде "шетелдік банктер келіп, отандық банктерді басып алады" деген әңгіме өз банктерімізден шығып отыр. Себебі олар өз позицияларын жоғалтып аламыз деп қорқады.
Бірақ бүгінде қаржы саласында проблема бар. Арзан ақша алуға мүмкіндік жоқ. Соның салдарынан шағын және орта бизнес тұншығып жатыр. Ал біздің банктер ол міндетті шешуге қауқарсыз", - деді Назарбаева.

Төрайымның сөзінше, отандық банктер басқа қаржы ұйымдарымен бәсекеге түссе, өз шарттарын өзгертуге мәжбүр болады. Бұл – нарық заманының талабы.

"Мықты бәсекелестік болса, отандық банктер өз кемшіліктерінен құтылады. Ішкі әкімшілендіру жүйесін ретке келтіреді. Ол жерде де проблема бар", - деп атап көрсетті Назарбаева.

Еске сала кетсек, күні кеше Санкт-Петербургте өтетін ЕЭО-ның бейресми саммитіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатыны мәлім болды. Мұндай хабарды мемлекет басшысының көмекшісі Берік Уәли таратқан.

Уәлидің айтуынша, Қазақстанда Елбасы мен мемлекет басшысы шетелдік сапарларға бірге аттанбайтын белгілі бір тәжірибе бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дариға Назарбаева отандық банктердің қорқынышы туралы айтып берді