RU
Балалармен асыр сала тауда ойнаған Роналдудың ғашығына ел сүйсінді

Балалармен асыр сала тауда ойнаған Роналдудың ғашығына ел сүйсінді

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Криштиану Роналду "Ювентус" үшін тарихи гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Алайда, оның мансабындағы аса ерекше сәтті оның отбасы мүшелері стадионнан тамашаламады. Әйгілі футболшының қалыңдығы мен төрт баласы ол кезде тауда қыстық демалыстарын өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ spletnik.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/georginagio. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/georginagio. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Джорджина Родригеспен таудағы демалысқа өзімен бірге тоғыз жасар кіші Криштиануды, екі жасар Матео мен Еваны және Алана-Мартинаны да алып кеткен. Олар бірінен кейін бірі тауда шанамен сырғанап, көңілді уақыт өткізген.

Жанұялық демалыс сәтінде түсірілген видео және фотолармен аяқдопшының қалыңдығы Instagram желісінде бөліскен.

"Ана деген менің ең сүйікті сөзім" , - деп жазып қойған ол суретінің астына.

Желі қолданушылары Роналдудың тату-тәтті отбасы мен сүйкімді балаларына сүйсініп, өзінің жылы лебіздерін білдірген. Олар футболшының өзге перзенттеріне ана ретінде қамқорлық танытып жүрген Джорджинаға риза болған.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің қарым-қатынасы 2016 жылдан бастау алады. Үш жылда ғашықтардың ортақ қызы Алана-Мартина дүниеге келді. Алайда, футболшының қалған үш баласы суррогат ананың көмегімен туған.

Криштиану Роналду соңғы сұхбаттарының бірінде сүйіктісі туралы біраз тың ақпаратпен бөлісті. Футболшы Джорджинаны анасының арманындағы қыз екенін айтып, болашақта оған үйленуге ниетті екенін айтты.

Оған қоса, Криштиану жинап-терген байлығын да ғашығына қалдырып кетпек.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel