RU

Тоқаев тұрғын үй мен көлік саудасында қолма-қол ақшасыз төлем енгізуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банкке тұрғын үй мен автокөлік құралдарын алғашқы сату кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізуді қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулер пакетін дайындауды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ, ол көпбалалы жанұяларға көмек бойынша тапсырма берді.

"Үкіметтің алдында мұқтаж , әсіресе, көпбалалы жанұяның балаларына айқын және әділ түрде атаулы көмекті қамтамасыз ету міндеті тұр. Мемлекет тек мұқтаж жандарға көмектесу керек",- деді ол.
Үкімет пен Ұлттық Банк тұрғын үй мен автокөлік құралдарын бастапқы сату кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізуді қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулер пакетін әзірлеуі тиіс", -деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысының қатысуымен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы өтіп жатыр.

Осыған дейін мемлекет басшысы басқа шараға, нақтырақ айтқанда, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысатыны хабарланған еді.

Алайда, артынша президенттің орнына халықаралық кездесуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баратыны белгілі болды.

Себебі, тұңғыш президент пен қазіргі мемлекет басшысы шет мемлекетте өтетін бір шараға бірге барып, қатыспайды. Президент баспасөз хатшысының сөзінше, бұл толыққанды дәстүрге айналып кеткен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев тұрғын үй мен көлік саудасында қолма-қол ақшасыз төлем енгізуді тапсырды
Mailfire view pixel