RU
Тоқаев: Демократия ыдырауға емес, даму мен жасампаздыққа қызмет етуі тиіс

Тоқаев: Демократия ыдырауға емес, даму мен жасампаздыққа қызмет етуі тиіс

Рассказать Вконтакте

Қазір астанада мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Жиын шеңберінде Қасым-Жомарт Тоқаев "Жала жабу" бабын қылмыстық сипаттан арылту және алауыздық тудыру туралы бапты өзгерту жайында сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Біз қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ақылға қонымды мәмілеге қол жеткіздік. Осы бапты ізгілендіру ұсынылады – қолданыстағы редакцияға өзгерістер енгізу, оны неғұрлым дұрыс жариялау ұсынылады",- деді президент.

Бапты ізгілендіру тәсілдерінің бірі "тудыру" терминінің заң тұрғысында "тұтату" түсінігінен бас тартуы болып отыр.

Одан бөлек, Қылмыстық кодекстің 130- бабы "Жала жабу" декриминалданып, Әкімшілік кодекске ауысады дейді мемлекет басшысы.

"Демократия ыдырауға емес, даму мен жасампаздыққа қызмет етуі тиіс", - деп есептейді Тоқаев.
"Қазақстандық патриоттық- ол біздің Отанымыздың гүлденуі үшін мүдделердің ортақтығын, тағдыр ортақтығын көрсету, еңбек етуге дайын болу.
Біз бірлігімізбен мықтымыз. Бірлік деген көзқарастың көптігіне де сүйенеді. "Бірлік әр алуандықта". Бұл концепция біздің еліміз үшін өте өзекті",-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Айта кетейік, Тоқаев қоғамдық тәртіп пен заң бұзылмаса, митингі өткізуге рұқсат берді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel