RU
Тоқаев теңгенің бағамы туралы шешім қабылдады

Тоқаев теңгенің бағамы туралы шешім қабылдады

Рассказать Вконтакте

Бүгін астанада президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің екінші отырысы өтті. Көп мәселелер мен тақырыптардың ішінде ол теңгенің тұрақсыздығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл сұрақ қоғам мен бизнесті алаңдатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Президенттің сөзінше, барлық қазақстандықтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді теңгенің тұрақсыздығы алаңдатады.

Тоқаев Ұлттық банкке жағдайды бақылауды, сондай-ақ әр тоқсанның соңында валюта бағамы туралы есеп беруді тапсырғанын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, енді курстар кестесі жарияланып, ақша-несие саясатының стратегиясы жасалатын болады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтардың бюджет қаражатын бөлуге қатысты сенімді ақпарат алуға құқығы бар деп санайды.

Оның пікірінше, ашықтық пен айқындықтың ұқсас қағидаты елде жүзеге асырылатын қаржылық операциялардың барлық түрлеріне әсер етуі керек.

Тоқаев үкімет те, халық та сыртқы қаржыландыру көздері мен қарыз алу жағдайлары туралы толық мәлімет алуы тиіс деп мәлімдеді.

Ол Қазақстанның сыртқы кредиторлар алдындағы үлкен қарызы туралы алып-қашпа сөздерді тоқтату керектігін айтты.

"Осыған байланысты ҰЭМ және қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін сандық деректер базасы түрінде сыртқы қарыздың бірыңғай тізілімін жасауы керек", -деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол көлеңкелі экономиканың үлесін азайту мүмкін еместігін атап өтті. Президенттің сөзінше, қаржылық алаяқтықтың барлық түрлерін жүзеге асыратын бірнеше жалған фирмалар бар.

"Біз әліге дейін мұнымен нәтижелі күресе алмай келеміз. Біз заңсыз қаржы айналымына қарсы жұмысты күшейтуіміз керек. Сондай-ақ кеңес мүшелері өзінің контрагентін бағалау үшін бизнес өкілдерін жұмылдыруы керек. Оларға тиісті механимзмдерді беру керек", - деп түйіндеді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысының қатысуымен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы өтті.

Тоқаев кіріспе сөзінде митинг мәселесін көтеріп, егер олар заң бұзбаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі жасамаса, митингілерге рұқсат етіледі деп мәлімдеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы үкімет пен Ұлттық банкке тұрғын үй мен автокөлік құралдарын алғашқы сату кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізуді қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулер пакетін дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, ел президенті Қазақстандағы ауыл шаруашылық жерлердің игерілуі туралы, сондай-ақ пайдаланылмаған жерлерге салынатын салықты жылына 10-нан 20 есеге дейін арттыруды және пайдаланылмайтын жерлерді бір жылдан кейін алып қоюды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel