Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар смартфондағы түнгі режимнің қауіпті екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Смартфонның көк сәуледен қорғайтын түнгі режимі ағзаның циркадиялық ырғақтарына кері әсерін тигізеді. Англияның Мнчестер университетінің ғалымдары осындай шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Зерттеушілер түнгі режимді қосқанда экранның сары түске ауысуының адам ағзасына зияны туралы болжамдарын тексеріп көруге шешім қабылдады.

Ғылыми топ зертханалық тышқандармен тәжірибе жүргізіп көрді. Оның нәтижесі түнгі режимнің жылы түстері күндізгі жарыққа ұқсайтынын және ағзаны жаңылыстыратынын көрсетті. Бұндай сәулеленудің ұйқыға кері әсерін тигізіп, пайдасынан қарағанда, зияны көп екені анықталды.

Ал гаджеттердің қалыпты режимдегі салқын түстері ағза үшін үйреншікті екені белгілі болды.

"Шынында, ақ немесе сары түстерге қарағанда, көкшіл түстің кері әсері төменірек", – дейді зерттеу жұмысының авторларының бірі Тим Браун.

Еске сала кетейік, Қытайда түні бойы ұялы телефонмен ойнаған қыздың бір көзі көрмей қалғанын хабарлағанбыз.

Жас қыз түні бойы ұялы телефонында ойын ойнап, ертесіне ұйқыдан оянған соң, бір көзі көрмей қалғанын түсінген. Дәрігер Цю Ванцзянь оның көзінің ішкі тор қабығы қанталағанын, соның кесірінен көрмей қалғанын жеткізді.

Науқасқа Вальсальва ретинопатиясы диагнозы қойылды. Дәрігер көзге артық физикалық күш түскендіктен қан тамырларының жарылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Таиландтың Удонтхкани қаласында түні бойы компьтерлік ойын ойнаған жасөспірімнің көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1832720-galymdar-smartfondagy-tngi-rezimni-kauipti-ekenin-mlimdedi/

pixel