RU
Ең сенімсіз құпиясөздер тізімі жарияланды

Ең сенімсіз құпиясөздер тізімі жарияланды

Рассказать Вконтакте

SplashData киберқауіпсіздік сарапшылары 2019 жылғы ең сенімсіз парольдердің рейтингін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Компанияның мәліметінше, рейтинг жасау үшін алаяқтар аккаунттарды бұзу кезінде анықтап алған бес миллионнан астам құпиясөз талданған.

Жылдың ең нашар паролі ретінде бірден алтыға дейінгі сандардың қарапайым реттілігінен құрылған 123456 құпиясөзі танылды.

Екінші орынды бірден тоғызға дейінгі сандар тізегі 123456789 иеленсе, үшінші орында пернетақтаның жоғарғы қатарындағы бес перне, яғни qwerty тұр.

Сонымен қатар тізімде admin, welcome және password1 құпиясөздері де бар.

Компанияның атқарушы директоры Морган Слейннің сөзінше тізімге жаңадан енген құпиясөздер мыналар екен: 1q2w3e4r және qwertyuiop.

Сарапшылар егер пайдаланушылар өздерінің құпиясөздерін аталған тізімнен тапса, қауіпсіздік үшін оны міндетті түрде өзгертуі керек екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Англияның Мнчестер университетінің ғалымдары смартфонның көк сәуледен қорғайтын түнгі режимі ағзаның циркадиялық ырғақтарына кері әсерін тигізетінін хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel