RU

Украиналық журналисттің өліміне қатысты күдікті Зеленскийді сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Журналист Павел Шереметаның өліміне қатысты күдіктілердің бірі Андрей Антоненко өзінің ар-намысын қорғау туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің үстінен сотқа шағымданды. Бұл туралы оның қорғаушысы Святослав Жерновников мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Владимир Зеленский. Фото: president.gov.ua

Владимир Зеленский. Фото: president.gov.ua

Қорғаушының айтуынша, Антоненко сондай-ақ ішкі істер министрі Арсен Аваковты, ұлттық полиция басшысының бірінші орынбасары Евгений Ковальді және бас прокурор Руслан Рябошапканы сотқа берді.

"Андрей Антоненко Печерск сотына өзінің беделіне нұқсан келтірген лауазымды тұлғалардың үстінен арыз түсірді", – деп жазды Жерновников Facebook парақшасында. Сондай-ақ ол жазбаның астына арыздың суретін жалғап қойған.

Ар-намыс пен қызметтік беделді қорғау туралы арызға Зеленский, Аваков, Коваль мен Рябошапканың 12 желтоқсанда өткен брифингтегі мәлімдемелері негіз болған. Аталған баспасөз мәслихаты тергеу нұсқасы бойынша Шереметаның өліміне қатысты күдіктілерді ұстау және қылмысты ашуға арналған болатын.

"Аталған брифинг барсында Украина конституциясының 62 бабы, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7 бабы, 10-бөлігінде көрсетілген кінәсіздік презумпциясы қағидасы толығымен еленбей, сондай-ақ Украина конституциясының 3, 21, 24, 28, 34, 68 баптарында қарастырылған азамат пен адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық қағидасы мүлдем сақталмаған", – деп жазылды сотқа берілген арызда.

Айта кетсек, Google компаниясы қазақстандықтардың бір жыл ішінде желіден нені көп іздегенін анықтап берген еді. Ең көп ізделген тұлғалар қатарында Украина президенті Владимир Зеленский де бар. Ол тізімде Юлия Началова, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін орналасқан.

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский беделді Time америкалық журналының мұқабасына шыққан болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украиналық журналисттің өліміне қатысты күдікті Зеленскийді сотқа берді
Mailfire view pixel