RU

Тоқаев Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға ниетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өлім жазасын алып тастауға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/tokayevkz

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: twitter.com/tokayevkz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында мемлекет басшысы сыртқы саяси ведомствоға Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылу процедурасын бастауды тапсырды. Бұл құжат 1989 жылғы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 44/128 қарарымен қабылданды.

"Аталған хаттамаға қосылу өлім жазасын толығымен жоюды білдіреді", – деп мәлімдеді NUR.KZ-ке "Адам құқығы үшін хартия" қоғамдық қорының атқарушы директоры, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова.

Аталған құжатқа сәйкес, хаттамаға қатысушы елдердің құзыретіндегі бірде-бір тұлға өлім жазасына кесілмеуі тиіс. Хаттамаға қосылған мемлекет өз құзыреті шеңберінде өлім жазасын алып тастау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет.

"Адам құқығы үшін хартия" қоғамдық қоры атқарушы директорының айтуынша, хаттамаға қосылғаннан кейін бұл мәселелерді пысықтайтын үкіметтік немесе заң шығарушы жұмыс тобы құрылады.

"Ол жерде қылмыстық кодекстен бастап, қылмыстық-атқару кодексіне дейін бірқатар заңдар қаралуы керек. Өте ауқымды жұмыс күтіп тұр", – деп атап өтті Тұрмағамбетова.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтті.

Онда Қазақстан президенті мемлекеттік тілді реформалау және жаңарту қажеттілігі жөнінде баяндады.

Бұдан бөлек, Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке тұрғын үй мен автокөлік құралдарын алғашқы сату кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізуді қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулер пакетін дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қоғамдық тәртіп және заң бұзылмаса, митингі өткізуге рұқсат береді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға ниетті
Mailfire view pixel