RU

Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубынан кетті

Рассказать Вконтакте

"Ақтөбе" футбол клубының ұжымына бүгін жаңа директор таныстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Самат Смақов. Фото: fc-aktobe.kz

Самат Смақов. Фото: fc-aktobe.kz

Агенттік мәліметінше, "Ақтөбе" ФК басқармасы төрағасы Артур Смағұлов ал бас менеджері Горан Велькович болған.

Ал өз кезегінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов клубтың бұрынғы директоры Самат Смақовқа алғыс айтып, жаңа басшы "Ақтөбені" қайтадан премьер-лигаға шығаруы тиіс екенін атап өтті.

"Футболды дамыту бағытында жұмыс тұрақты жүріп жатыр. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболға қолдау бар. Инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Бұл — бірінші жұмыс. Екіншіден, "Ақтөбе" ФК-да да өзгертулер болады. 2012, 2013 жылдары жоғары жетістікке жеткеніміз рас. Ойыншыларымыз мықты еді. Сол жылдары бөлінген қаржы қазір бес есеге азайды. Мұны ескерген жөн. Ал біз осы жылдары жұмыс атқарған Самат Смақовқа алғыс айтамыз. Жаңа басшы "Ақтөбені" қайтадан премьер-лигаға шығаруы тиіс", - дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Айта кетейік, еліміздің танымал бұрынғы футболшысы Самат Смақов 2018 жылдың қаңтар айында "Ақтөбе" футбол клубының директоры болып тағайындалған еді.

Кейін оның бәс саудаға жалғыз өзі қатысып, клубты сатып алғаны хабарланды.

Оған қоса Смақов "Ақтөбе" клубын қалай сатып алғанын да айтып берген болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубынан кетті
Mailfire view pixel