Выйти
RU

150 келіге арықтаған америкалық өз тәжірибесімен бөлісті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Род-Айленд штатының тұрғыны Майк Горман 150 келіден астам салмақ тастаған. Ол осыншама артық салмақтан қалай арылғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Майктың сөзіне қарағанда, ол тағамдық тәуелділік белгісі – компульсивті артық тамақтануға шалдыққан. Күніне 20 мыңнан аса калория тұтынған. 46 жасында оның салмағы шамамен 250 келіні құраған.

Соның кесірінен ауыр дерттерге шалдыққан соң, арықтауға шешім қабылдапты.

Артық салмақтан арылу мақсатында Майк кетогендік диетаға отырған. Бұл диета түрі көмірсу мөлшерінің төмен болуы мен май мөлшерінің жоғары болуын қарастырады. Бұдан бөлек, ер адам күнделікті жаттығу залына барып тұрған.

Осылайша, көрсетілген режимді ұстана отырып, ол екі жыл ішінде 150 келіден астам салмақтан арылды.

Америкалықтың айтуынша, арықтаудың басты қағидасы – өзіңе деген сенім. Ол артық салмақтан арылуға ниет білдірушілерге өмір бойы ұстануға болатын қолайлы диета түрін таңдауға кеңес береді.

Бұған дейін достары арықтығы үшін келеке қылған жеткіншектің адам танымастай өзгеріп кеткенін жазғанбыз. Бастапқыда Илья спортпен өзі шұғылданады, кейінірек мүмкіндігі пайда болғанда жаттығу залына жазылады. Сөйтіп, үш жыл бұрынғы арық баладан нағыз батырға айналып шыға келген.

Сондай-ақ бұдан бұрын артық салмақ қоспайтын қыздардың 8 құпиясы жайлы хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
150 келіге арықтаған америкалық өз тәжірибесімен бөлісті (фото)