RU
Депутат әр азаматты қазақ тілін білуді міндеттеуге шақырды

Депутат әр азаматты қазақ тілін білуді міндеттеуге шақырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік тілдің нормативтік базасын жаңартатын және еліміздің әр азаматын қазақ тілін білуге міндеттейтін уақыт келді. Бұл туралы бүгін парламент сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Бақтиярұлы. Фото: kazgazeta.kz

Мұрат Бақтиярұлы. Фото: kazgazeta.kz

Халық қалаулысы бұл ұсынысын қолданыстағы заңнаманың либералдығынан мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған барлық шаралардың тиімді нәтиже әкелмей жатқанымен түсіндірді.

Ол бұл мәселенің басқа тілдердің дәрежесін төмендетуді көздемейтінін, алайда, дәл қазір мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту үшін шара қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Депутат мысал ретінде көптеген өзге елдердің мемлекеттік тіл мәртебесіне назар аударды. Айтуынша, оларда мемлекеттік тілді білу азаматтардың міндетіне кіреді.

Сондай-ақ ол Қазақстанның заңнамалық нормаларына сәйкес, мемлекеттік тілді білу – адамның міндеті емес, борышы екенін жеткізді.
Бақтиярұлының айтуынша, "борыш" деген сөз қазақстандықтардың сана-сезіміне ешқалай әсер етпейді, көбісі бұған мән бермейді де.

Сол себебпті ол азаматтардың қазақ тілін меңгеруге талпынбайтынын, ал кейбіреулерінің оны пайдасы жоқ деп есептейтінін алға тартты.

Осы орайда, депутаттың пікірінше, тілді білуге міндеттелмесе, қазақстандықтар оны меңгермейді.

Ол қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің нормативтік базасын жаңарту қажеттілігін, оған депутаттық корпус тарапынан көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Сөз соңында халық қалаулысы әр қазақстандықтың мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті екеніне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін парламенттік тыңдау барысында сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы заңдар мен нормавтивтік құжаттарды алдымен мемлекеттік тілде жазуды ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
35
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel