RU
Мультимиллионер өзімен бірге қымбат виллада тұратын 10 еріктіні іздеуде (фото)

Мультимиллионер өзімен бірге қымбат виллада тұратын 10 еріктіні іздеуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Неміс бизнесмені Карл Рейпен өзімен бірге қымбат виллада өмір сүруге ниетті 10 адам іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Twitter/newslink7com, Instagram/ anja_crnl

Фото: Twitter/newslink7com, Instagram/ anja_crnl

Карл Рейпен 2000 жылы Жаңа Зеландияға болып, елдің табиғатына ессіз ғашық болған. Сөйтіп, сол жердің Солтүстік аралынан жылжымайтын мүлік сатып алған. Жаңа қонысына көшіп, үй-жайын ретке келтірумен айналысқан. Өз қалауындағы сәулетті жекежайын тұрғызып, оны безендіруге он жылға жуық уақыт жұмсаған екен.

Енді ол зәулім сарайында жалғызсырамау үшін жанына серік болатын адамдарды іздеуде.

Мультимиллионер бағасы 5,6 млн долларды құрайтын үй-жайында өзімен бірге тұратын жасы 70-тен жоғары емес 10 адам іздеп, хабарлама жазған. Оның жекежайында тіпті, шарап шығаратын шағын кәсіпорын мен атқора да бар екен.

Бизнесменнің хабарламасында көрсетілгендей, оның қонақтарына бір үйге екі адамнан жайғасуларына болады. Кешкі аста кездесіп, әңгіме-дүкен құрып, теңізді және аралдағы өзге де қызықтарды тамашалай алады.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қымбат қайық жайлы жазған болатынбыз.

Chulhun Park компаниясы "Валькирия" атты әлемдегі ең ірі қайықты құрастыратынын мәлімдеді. Оның ұзындығы – 228 метр.

Компанияның хабарлауынша, қайықта 144 жолаушыға арналған орын болады. Оның ішінде театр, казино, галерея және ресторандар ойластырылған.

Қайық 785 миллион долларға немесе 301 миллиард теңгеге бағаланған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel