Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол апатынан 3 адам көз жұмды (фото)

Опубликовано:

Алматының Алатау ауданындағы Жаужүрек көшесінде ірі жол апаты орын алды. Жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен автобусты соққан. Жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, тағы біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Facebook

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, Renault көлігі Жаужүрек көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Ол Трудовик елді мекеніне жетпей, қалаға қарай шығыс бағытта жүріп келе жатқан 15-бағдардағы автобусты бір бүйірімен соққан.

Renault көлігін тізгіндеген әйел адам рөлге ие бола алмай қалғанын жеткізді.

Қатты соққыдан автокөлік жолдың шетіне ұшып кетіп, металл қоршауға соғылған.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Facebook

Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам – 1960, 1978 және 1988 жылғы Renault жолаушылары көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр хәлде жақын жердегі ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқару қызметі гидравликалық құралдарды пайдаланбай, қаза болғандардың денесін көліктен шығарды.

Алматы қаласының полиция департаменті жол апатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты растады және апат фактісі бойынша бірқатар сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Facebook

Еске сала кетейік, биылғы жазда Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Куәгердің айтуынша, соққыдан бір автокөліктің қозғалтқышы ұшып кеткен.

Сондай-ақ жақында жас әнші, жақында ғана "Жыл таңдауы" байқауында топ жарған Айбек Серікханов 15 жастағы қарындасы Алуамен бірге жантүршігерлік жол апатына түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1832754-almatyda-zol-apatynan-3-adam-kz-zmdy-foto/

pixel