RU

Путин еуразиялық интеграция туралы бастамасы үшін Елбасыға алғыс білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Ресейдің мәдени астанасында өткен Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы кеңесінің отырысына Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ресей президенті Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастамасы үшін Елбасыға алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay: Twitter

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтулы шараға қатысқаны туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.

РИА Новостидің мәліметінше, отырыстың басында Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш президентіне еуразиялық интеграция туралы бастамасы үшін алғыс білдіріп, сол идеяның Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына ықпал еткенін атап өтті.

Ресей басшысы Назарбаевқа Одақтың жақсы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Кездесу барысында қатысушылар Одақты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Жақын арада келісімдер пакетіне қол қойылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ЕАЭО көшбасшыларының келесі отырысы 2020 жылы Минскіде өтетіні белгілі болды. Одақ комиссиясының жаңа жетекшісі ретінде Белоруссияның бұрынғы премьер-министрі сайланды.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы кеңесінің отырысына және ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін бүгін Санкт-Петербургке ұшып барды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Путин еуразиялық интеграция туралы бастамасы үшін Елбасыға алғыс білдірді