Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕАЭО зейнетақы келісімінің азаматтарға қандай пайдасы бар

Опубликовано:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер зейнетақы келісіміне қол қойды. Соған сәйкес, осы мемлекеттер азаматтарының Одақтың басқа еліндегі жұмыс өтілі зейнетақы төлеу кезінде ескеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Осы келісімге қол қойылғанға дейін, мысалы, Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Қазақстан азаматы Ресейдің зейнетақы жүйесіне жарна жасады, бірақ бұл уақыт үшін зейнетақы төлемдерін алған жоқ. Бұл жағдай дұрыс емес. Бұл көптеген азаматқа қатысты және олардың саны жыл сайын артып келеді", – деді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты бойынша алқасының мүшесі Тимур Жақсылықов.

Ол бұл келісімнің ЕАЭО елдерінің парламенттері ратификациялағаннан кейін күшіне енетінін атап өтті.

"Жаңа жүйе басқа елдегі жұмыс уақытын есепке алуға, оны зейнетақы өтіліне санауға, басқа зейнетақы жүйелерінен зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Ақша тұрақты тұратын елге экспортталуы мүмкін немесе жұмысшының келісімшарты бойынша бұл қаржыны басқа елдерде алуға болады. Бұл азаматтарды әлеуметтік қорғаудың едәуір жоғары деңгейіне және әділеттілікке әкеледі", – деді шенеунік.

Ол аталған келісімнің барлық ЕАЭО елдерінің бастамасымен жасалғанын мәлім етті.

"Біртұтас еңбек нарығын құру жағдайында азаматтардың мобильділігі жыл сайын арта түсетінін бәрі түсінді. Егер осы мәселе шешілмесе, бұл біздің азаматтарымызды өте қиын жағдайда қалдырады. Біз онсыз да көп уақытты жоғалттық, өйткені одақ жұмыс істей бастағаннан бері бес жыл өтті. Келіссөздер өте күрделі болды, біз бүгін ғана осы мәселені шештік", – деп түйіндеді Жақсылықов.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы кеңесінің отырысына және ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін бүгін Санкт-Петербургке ұшып барды.

Жоғарғы кеңес отырысының басында Владимир Путин еуразиялық интеграция туралы бастамасы үшін Елбасыға алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1832761-eaeo-zejnetaky-kelisimini-azamattarga-kandaj-pajdasy-bar/

pixel