RU
Алматыдағы екі көшеге біржақты көлік қозғалысы енгізілуде

Алматыдағы екі көшеге біржақты көлік қозғалысы енгізілуде

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанадағы екі көшеге біржақты көлік қозғалысы енгізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ құқыққорғау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматы қаласының полиция департаментіне қарасты әкімшілік полиция басқармасы көлік қозғалысын бақылау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілетті орган ретінде Бостандық ауданындағы тар көшелерге арнайы анализ жүргізді. Оның нәтижесінде Политехническая мен Никитан көшелерінде қарама-қарсы бағыттағы көліктердің толассыз легі салдарынан қозғалысқа кедергі келуде екені анықталды.

Қала полициясы жол қозғалысын оңтайландыру мақсатында Политехническая көшесінің Байтұрсынова мен Сейфуллин даңғылдарының арасы мен Никитина көшесінің батыс бағытына біржақты көлік қозғалысын енгізу шешімі қабылданды.

Жоғарыда айтылып өткен қала көшелерінің аумағына жол қозғалысының жаңа жүйесі 2019 жылдың 23 желтоқан күні әске қосылмақ.

Мегаполис полициясы жол қозғалысының ережелерін бұзбау үшін көше бойында тұрған белгілерге мүұият назар аударуға кеңес берді. Полиция баспасөз қызметі жүргізушілерге өзінің жүретін бағытын алдын ала жоспарлау қажеттігін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының орталық көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel