RU

"Қордай" бекеті келер жылы белгісіз уақытқа жабылмақ

Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы "Қордай" өткізу бекеті келесі жылдың бірінші айынан бастап жұмысын тоқтататын болады. Алайда, бекеттің қайтадан қашан ашылатыны белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кордай" өткізу бекеті. Фото: КТК видеосынан кадр
"Кордай" өткізу бекеті. Фото: КТК видеосынан кадр: UGC

"Қордай" өткізу бекетінде қазақстандық және қырғызстандық депутаттардың кездесуі болып өтті.

Белгілі болғандай, отандық делегацияны Владимир Божко басқарып бар. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады.

Оның ақпаратынша, өткізу пунктінің жабылуы жөніндегі бастаманы қазақстандық тарап алға тартқан. Оның өзіндік себебі бар. Екі ел арасындағы бекетіне қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Божконың сөзінше, өткізу пунктінің жабылуы екі ел азаматтарына да қолайсыздық тудыратыны анық. Алайда, шенеунік екі ел тұрғындары бұл шешімге түсіністікпен қарайтынына сенім білдірді.

Екі ел шекарасын асып жүрген азаматтарға ол аталмыш бекеттің маңында орналасқан өзге пунктерді қолдануды ұсынды.

Оған қоса, Божко осыдан 44 жыл бұрын салынған "Ақ тілек"-"Қара Су" пунктіне де назар аударуға шақырды.

Ол аталмыш бекет тек жүгі бар көліктерге қызмет етуге арналғандықтан, көпірде кедергілер орын алуда екенін жеткізді.

Айта кетерлігі, "Қордай" бекеті нақты қандай уақытқа жабылып жатқаны жайлы әзірге ақпарат жоқ.

Бұған дейін, Тоқаев пен Жээнбеков бірқатар маңызды құжаттарға қол қойғаны хабарланған болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1832775-kordaj-beketi-keler-zyly-belgisiz-uakytka-zabylmak.html