RU
Мадина Оспанова "ТТТ" деген сүйіктісіне ұзатылды (фото, видео)

Мадина Оспанова "ТТТ" деген сүйіктісіне ұзатылды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық жас актриса Мадина Оспанова көптен жасырып келген ғашығына ұзатылды. Күні кеше киножұлдыз қазақи салт-дәстүр бойынша ұзатылып, "ТТТ" деген сүйіктісінің үйіне келін болып түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мадина Оспанованың ұзату тойы қалыңдықтың туған жерінде Меркіде дүркіреп өткен. Жас актрисаның қуанышына кілең ет-жақындары жиылған. Жұлдызды қонақтар қатарында атышулы журналист Мұхит Сапарбаев бой көрсеткен.

Оспанова ұзату тойына жоғары деңгейде дайындалып, өз образын әрбір кішкентай жайтына дейін ойластырған. Қалыңдық ұясынан ұшатын күні үстіне ақ көйлек пен ұзын қызыл түсті камзол киіп шыққан. Оған қоса, ол шашын қақази нақышта екі жағына өріп алды.

Той қонақтары дүбірлі той кезіндегі ерекше суреттермен желіде жарыса бөлісуде.

Айта кетейік, Мадина Оспанова Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясынан" кейін танымал бола бастады. Актриса аталмыш туындыда басты рөлдердің бірін сомдаған болатын.

Кино аяқталғаннан кейін өнер иесі сүйіктісімен түскен суреттерін жиі жариялай бастады. Алайда, суреттердің барлығында ол ғашығының келбетін жасырып жүрді. Кейіннен сылқым жүрегін жаулаған жігіт жайлы сырын ақтарып, жақындары оны "ТТТ" деп атайтынын айтты.

Таяуда Мадина Оспановаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, актрисаның "иә" деген жауабын алған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
1
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel