RU
Атыраудағы алаңда 91 метрлік жалаусап сынып, жерге құлап қалды (видео)

Атыраудағы алаңда 91 метрлік жалаусап сынып, жерге құлап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

20 желтоқсан күні кешке Атырау тұрғындары аса ірі құрылымның құлауына куә болды. Жойқын жел салдарынан 91 метрлік жалаусап екіге бөлініп, жерге құлап қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құлаған жалаусап. Коллаж NUR.KZ: Апта сайын шығатын «Ақ Жайық»

Құлаған жалаусап. Коллаж NUR.KZ: Апта сайын шығатын «Ақ Жайық»

Жергілікті әкімдік өкілдері оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кеткенін хабарлады. Орын алған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін мамандардан арнайы комиссия құрылған. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Ақ Жайық" басылымы мәлімдеді.

Әкімдік хабарламасында оқиға салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер де жоқ екені айтылды. Оған қоса, жалаусап құлаған кезде ешқандай ғимарат немесе үйлерді зақымдамаған.

Қирап қалған құрылымды оны сол жерге тұрғызып берген адам орнына келтіретін болады. Баспасөз қызметі тергеу жұмыстары аяқталған соң, оқиғаға кінәлі адамдар өз жазасын алатынын жеткізді.

Атырау тұрғындары аса ірі констуркцияның жерге опырылып құлаған сәтін түсіріп, желіде таратып жіберген. Бейнежазбадан жалаусаптың құлап бара жатқан сәтін көруге болады.

Келесі кадрларда жалаусаптың екіге бөлініп, жерге құлаған кезі көрініс тапты.

Аталмыш құрылымды тұрғызған ЖШС "Kastador" компаниясы жалаусап балқытылған орынның ажырап кетуі салдарынан құлап кеткенін мәлімдеді. Оған қоса, мекеме басшысы жалаусап сол күйінде Түркиядан тапсырыспен ікелінгенін алға тартты. Шамасы, ол іске жарамсыз болса керек.

Жалаусап жаңа қалалық алаңның құрылыс орнында тұрған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel