RU

Иманғали Тасмағамбетовтың анасы өмірден өтті

Telegram logo VKontakte logo

Иманғали Тасмағамбетовтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Саясат саласында ерен еңбек етіп келген шенеуніктің анасы қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ділдә Матайқызы. Фото: Instagram.meirzhan_alibekuly

Ділдә Матайқызы. Фото: Instagram.meirzhan_alibekuly: Twitter

Қаралы хабарды танымал отанды тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы жеткізді. Ол Instagram парақшасында Ділдә Матайқызына жазба арнап, оған Иманғали Тасмағамбетов сынды адам сыйлағаны үшін алғысын жаудырған.

"Қазаққа Иманғалидай асыл ерді сыйлаған Ділдә Матайқызы - Тасмағамбеткеліні өмірден өтіпті. Иманы саламат болғай! Ағамызға Алла Тағала күш-қуат берсін" , -деп жазды ол.

Айта кетейік, бған дейін Иманғали Тасмағамбетовтың туған күнінде Меккеге барғанын хабарлаған болатынбыз. Ол 63 жасын қасиетті жерде қарсы алған.

Оған қоса, Иманғали Тасмағамбетовжақында ғана Қазақстаннның Ресей федерациясындағы елшісі қызметінен кеткені белгілі болды. Шенеунік зейнеттік жасқа жеткендіктен демалысқаьжіберілген.

Белгілі отандық саясаттанушы Тасмағамбетовтың расымен демалысқа кететінін болжаған болатын. Ол өкілетті елші орнын өз еркімен босататынын жеткізген еді. Оның бұл пікірі желіде қызу талқыға түсіп, сан түрлі пікірлерге ие болды. Бірі саясаттанушының ойын құптаса, бірі даттап шыққан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Иманғали Тасмағамбетовтың анасы өмірден өтті