RU
Тоқаев СІМ орынбасары мен жауапты хатшысын қызметінен босатты

Тоқаев СІМ орынбасары мен жауапты хатшысын қызметінен босатты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Роман Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен кетті. Сондай-ақ, президент СІМ жауапты хатшысы Нұрлан Сейтімовті де лауазымынан босатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев СІМ орынбасарын қызметінен босатты

Роман Василенко

"Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен;

Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілерін тағайындағаны туралы хабарлаған едік.

Олардың ішінде Роман Василенко Қазақстанның Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Нұрлан Сейтімов Қазақстанның Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне ауысты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel