RU
«Ювентус» ойыншыларының есімі жейделеріне арабша жазылатын болды (фото)

«Ювентус» ойыншыларының есімі жейделеріне арабша жазылатын болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Туриндік «Ювентус» футбол клубы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Италия Суперкубогы аясында өтетін ойынға футболшылар үшін арнайы жейде тіктірді деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» ойыншыларының есімі жейделеріне арабша жазылатын болды (фото)

Криштиану Роналду. Фото: sports.kz

«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейдеге араб әріптерімен жазылса, нөмірлер өрме жазумен көмкерілетін болады.

Бұл форма саудия-марокколық каллиграфия суретшісі Шакер Қашғаримен бірлесе отырып жасалған.  

Италия Суперкубогы матчы 22 желтоқсан күні «Ювентус» пен «Интер» арасында «Кинг Сауд» стадионында өтеді.

Еске сала кетелік, өткен маусымда А сериясының жеңімпазы атанған «Ювентус» пен Италия кубогын жеңіп алған «Лацио» Суперкубокқа таласуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, бұған дейін "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың кезекті рекордына қол жеткізгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, Роналдумен бір ауданда тұратын көршісі әйгілі футболшының күнделікті өмірін сипаттап берген еді.

Айта кетерлігі, аты аңызға айналған ойыншы "Ювентус" үшін тарихи гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Алайда, оның мансабындағы ерекше сәтті оның отбасы мүшелері стадионнан тамашаламапты. Атақты футболшының қалыңдығы мен төрт баласы ол кезде тауда қыстық демалыстарын өткізген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel